2019 жылдың 15 қазаны күні математика пәні мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - оқушыларды олимпиадалар мен кәсіби конкурстарға даярлаумен айналысатын мұғалімдерге және өз-өзін жетілдіріп отыратын мұғалімдерге демеушілік көрсету, кәсіби өсу жолдарын қалыптастыруда, талантты педагогтарды анықтап, олардың біліктілігінің деңгейін анықтау.

Олимпиада 2 кезеңнен өткізілді:

1) күрделі олимпиада есептері мен логикалық есептерді орындау;

2) тест (математикалық сауаттылық) тапсырмаларын орындау.

Олимпиада қорытындысы бойынша С.Сейфуллин атындағы орта мектептің мұғалімі Балжан Есениязқызы жеңімпаз болып танылып, 25 қазан күні өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. М.Сиранов атындағы орта мектептің мұғалімі Қ.Шатенова мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі К.Сариева жүлделі ІІ орындарға ие болды. Ал, ІІІ орынды А.Даулетова (Есбол о/м), Ж.Рысбаева (Махамбет о/м), А.Далдина (Жамбыл о/м) өзара бөлісті. Қатынасушыларға сертификаттар берілді.