Көктем Қазақ Орта Мектебі ұйымдастырған жалпы ата-аналар жиналысының күн тəртібіне аудандық басқарманың ұсынысымен "20-29 жастағы тұрғындарды қызылша, қызамыққа қарсы қосымша иммундау"

туралы мəселе күн тәртібіне қойылып, басқарманың бөлім басшысы Ақмарал Досымбетқызы жиналысқа қатысушыларға қызылшаның эпидемиологиялық ахуалы, екпе салу жұмыстарының барысы мен екпеден бас тартудың зардабы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, мектеп оқушысының сөмкесін таңдау бойынша ұсыныстар таныстырылып, сөмкенің шектен тыс жүктемесінің зардабы туралы айтылды.