Жиында төменде көрсетілген күнтәртібіндегі мәселелер толық қаралды.

 

- 2018-2019 оқу жылының қорытындысы және 2019-2020 оқу жылының ерекшеліктері. (Баяндамашы: Мектеп директоры Г. Кусайнова). 
- "Қамқорлық" акциясы (3 шілде - 30 қыркүйек), Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы, Біріңғай мектеп формасына қойылатын талаптар. (Баяндамашы: Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі А.Есқалиева)
- Жол ережесі, жол қауіпсіздігінің және құмар ойындарына қатысудың алдын-алу. (Баяндамашы: Индер аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция капитаны Н.Ахметов)
- Қызылшаға қарсы қосымша имундау. (Баяндамашы: Индер аудандық тауарлар мен көрсетілетін көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Қосымбаева Ақмарал Досымбетқызы)
- Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау.

 

Күнтәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң ата-аналар тарапынан пікір білдіріліп, жаңа оқу жылына сәттілік тілесіп тарқасты.

 

Жиын басталар сәтте мектеп психологтары А.Демеуова мен И.Сисенғалиева ата-аналарға арнап "Менің отбасым" атты тренинг ұйымдастырды.