Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай 15-наурыз күні мектеп ауласына киіз үй құрылып, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, Көктем мөлтек ауданының тұрғыны Мұқанғазина Ғалия Ғазизқызы оқушыларға киіз үйдің қазақ халқы үшін маңызын және құрылымын таныстырды.
Шара "Қош келдің, Наурыз!" тақырыбындағы 1-4 сыныптардың Наурыз тойымен жалғасты. Ата-аналар мен бастауыш сынып оқушылары салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, ұлттық ойындар ойнатылды. Мерекеге келген қонақтар, ата-аналар мектеп оқушылары мен ұстаздар дайындаған сазды бағдарламасын тамашалап, киіз үйден дәм татты.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/186-osh-keldi-nauryz.html#sigFreeId7b58eefe66