2019 жылдың 7 наурызында 5-7 сынып қыздары мен аналары арасында «Қыз еркем, анасымен көркем» атты сайыс өткізілді. Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау арқылы ана, әжелерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Ата-аналармен тұрақты қарым-қатынас қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1 «Сәлем сөздің анасы» 2 «Өнерлі өрге жүзер» 3 «Бізден сұрақ, сізден жауап» 4 «Ана көрген тон пішер» 5 «Қонақ күте білесіз бе?». Нәтижесінде, 5 «Ә» сыныбының намысын қорғаған Түрікменбаева Индира қызы Амантай Бибінұрмен «Ақылды ана», «Білімді қыз» номинациясын, 5 «Б» сыныбының оқушысы Асылбек Аяулым анасы Шаукирова Риммамен «Парасатты ана», «Сымбатты ару», 6 «А» сыныбынан Зинорова Риза анасы Зинорова Анармен «Іскер ана», «Шебер ару» атағын, 6 «Б» сыныбынан Елемесова Айнара анасы Мустафина Алмагүлмен «Өнерлі ана», «Өнегелі ару», 7 «А» сынып оқушысы Құрал Таңбике жеңгесі Мағзомова Гулмирамен «Ибалы ана», «Инабатты ару» және 7 «Б» сынып оқушысы Амантай Анель анасы Буканова Бақыт «Дана ана», «Дарынды ару» номинацияларымен марапатталды.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/183-yz-erkem-anasymen-k-rkem.html#sigFreeIdc805a99112