2019 жылдың 4 ақпан күні балалар мен жасөспірімдер арасында қатыгездік таныту және зорлық - зомбылық жасау оқиғаларының алдын алу және болдырмау жолдарын анықтау мақсатында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Баланың кіммен байланыста екені,
қандай Интернет әлеуметтік желілерінде тіркелгені, қандай сайттарға кіретіні туралыайтылып, оқушылардың сабаққа келіп, кері қайту жолы бойынша әрбір оқушы үшін қауіпсіз бағдарлар туралы ата-аналармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, мектеп психологыК.Калменова 8-10 сынып оқушыларына құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған «Құбыр» психологиялық тренингін өткізді. Мақсаты: адамдардың бір-бірімен жақсықарым-қатынаста болуын қалыптастыру, түрлі зорлық-зомбылық көрсетуден қорғану және қауіпсіз іс-әрекет туралы ойлануға мүмкіндік беру.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/157-854621.html#sigFreeIdeb11e19c05