«Көктем» қазақ  орта  мектебінде «Қазақстан - мейірімділік мекені» республикалық акция барысында мектептің тірі бұрышындағы аквариум балықтарын күту және баптау туралы түсініктерін қалыптастыру, тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға

баулу, шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында 7 «А», 7 «Б» сынып оқушылары арасында «Балықтарды қалай күтуге болады?» тақырыбында тәрбиелік шарасы өткізілді. Шара барысында аквариумды күн сайын ұқыпты түрде күтіп, суын ауыстырып тұратындығын және адамдар шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік беретіндігі түсіндірілді.