«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша айтысу арқылы ауыз әдебиетін дамытып, суырып салма қасиетін жан-жақты меңгерту мақсатында «Егеменді елдің ұландары» тақырыбында мектепшілік Х жасақындар сайысы болып өтті.


Айтыскерлерге қойылған талап та өте жоғары болды. Қатынасқан айтыскерлерге келетін болсақ, Табылдиева Нұрдана 5 «а» сынып оқушысы, Тұрлан Ақжол 5 «б» сынып оқушысы, Мұратова Анель 6 «а» сынып оқушысы, Нартаева Айша 6 «б» сынып оқушысы, Жұбанғали Асылхан 7 «а» сынып оқушысы, Қизат Бейбарыс 7 «б» сынып оқушысы, Ізбай Мадина 8 «а» сынып оқушысы, Сансызбаев Айбат 9 «а» сынып оқушысы, Кеңес Ертай 9 «б» сынып оқушысы.

Айтыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайыстың әділ бағасын берген әділ қазылар Есқалиева Ақтолқын Бағытжанқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, алқа төрағасы, Серікбаева Ақтолқын Жолдасқызы- қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, Абдрахманова Эльмира- қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, алқа мүшесі, Бигалиева Айгерім Жеңісқызы - қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, алқа мүшесі. 

Айтыстың нәтижесінде, «Бас жүлдені» жеңіп алған 9 «Б» сынып оқушысы Кеңес Ертай мен Сансызбаев Айбат, IІ орынды иеленгендер Тұрлан Ақжол мен Мұратова Анель, III орынға ие болғандар ҚизатБейбарыс, Жұбанғали Асылхан, Нартаева Айша. Сонымен қатар, Табылдиева Нұрдана, Ізбай Мадина атты айтыскерлер алғыс хатпен марапатталды. Халық өнерін бейнелейтін айтыс осылай өз мәресіне жетті.