"Көктем" қазақ орта мектебі бойынша 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күніне орай «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбындағы 19-28 қараша күндері аралығындағы онкүндіктің жоспары жасақталды. 19 қараша күні онкүндіктің ашылу салтанаты жиын түрінде өткізілді. 

 


23 қараша күні 2-3 сыныптарда «Менің құқығым» атты сынып сағаты және де 1-11 сыныптар комитет ұсынған бейнероликтерді тамашалап, пікір алмасты. Шараның нәтижесінде, оқушылар өздерінің ойларын ашық айтып, құқықтары мен міндеттерін толық түсінді.


26 қараша күні 5-6 сынып оқушыларымен «Сенің құқығың және заң» тақырыбында мектеп инспекторы Орын Исатай Жасталапұлымен кездесу өтсе, 7-8 сынып оқушыларының жетекшілері «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында дөңгелек үстел болды.


27 қараша күні 9-11 сынып оқушыларымен «Оқушы және оның құқығы» атты құқық пәнінің мұғалімі М.Тұңғатов, мектеп инспекторы И.Орын, аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі орынбасары Кубашова Гауһар Азидоллақызымен кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіру, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.


28 қараша күні 4 сыныптармен «Біз бақытты баламыз!» атты үздік флешмоб сайысы өткізілді.