Қараша айында 8-11 сынып оқушыларымен «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту. Нәтижесінде, жүлделі І орынмен 9 «А» сынып оқушысы Қартмамбетов Шыңғыс жүлделі І орынды иеленсе, жүлделі ІІ орынмен 9 «А» сынып оқушысы Сансызбаев Айбат және 9 «Б» сынып оқушысы Мұхамбетов Серікбол, жүлделі ІІІ орынмен 10 «А» сынып оқушысы Рашева Асылай марапатталды. 

 


28 қараша күні «Елін танытқан ер» атты 9-11 сынып оқушылары арасында Үстел тенисінен сайыс, 5- 6 сыынптарға «Елбасы күні — елдікке құрмет» атты дойбыдан сайыс болды. 


29 қараша күні «Егеменді еліміздің көшбасшысы» атты 2-11 сыныптар аралығында мектепішілік көркемсөз оқудан сайыс өткізіліп, Елбасыға арнау өлеңдер және ақындардың шығармаларынан патриоттық, Елбасына арналған өлең жолдары оқылды. Қазылар алқасы оқушыларды бағалап, мектеп дипломдарымен марапаттады.