«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 26-30 желтоқсан аралығында «Елін сүйген Елбасы» атты апталық өтті. 26 қараша күні 6 «А», «Б» сыныбының жетекшілері А.Серікбаева мен В.Баймуханованың ұйымдастыруымен «Елін сүйген Елбасы» атты ұйымдастырылған үзіліс екі кезеңде өткізілді. 

 

27 желтоқсан күні 9-11 сыныптарда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында бейнетаспа және слайдтар арқылы әңгіме-сұхбат жүргізілді. Нәтижесінде, оқушылар Президентіміздің өмірбаяны, қызметі мен еңбектерін танып білді.