2 қазан   2018 жыл

 

Қазан айында қатар келген "Қарттар күні" мен "Ұстаздар күні" мектебімізде жоғары деңгейде аталып өтті. Сынып жетекшілер А.Базылова, Ж.Қанатова, Н.Таңатаровтың ұйымдастыруымен "Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" атты ардагер ұстаздар Габдуллина Ләйләгүл Ермекқызы, Кашкинова Зинаида Кубашқызымен кездесу кеші болды. Мақсаты: оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын, қарттарды құрметтеуге, сыйлауға, үлгі тұта білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шараны жүргізуші Н.Таңатаров қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтап ашты. Одан әрі ардагер-ұстаздармен сыр-сұхбат, құттықтаулар, түрлі сұрақтар мен жауаптар, қызықты сәттерден әңгімелер өрбіді.