7.09.2017ж. №241 бұйрық
«Қамқоршылық» кеңесін
құру туралы
Аудандық білім бөлімі ҚР білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1.«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша жұмыс жүргізу үшін төмендегі құрамда «Қамқоршылық» кеңесі құрылсын:
- Заур Мурзин - комиссия төрағасы, ата-ана.
- Маженова Бибігүл - мүше, ата-ана.
- Қостанаева Гүлбану - мүше, ата-ана.
- Ерғалиева Айнұр - мүше, ата-ана .
- Молдағалиева Гүлнар - мүше, ата-ана.
- Ізбасова Анар - мүше, ата-ана.
- Мұратов Руслан - мүше, ата-ана.
- Сахиева Сара - мүше, ата-ана.
- Жиренова Аққалыш - мүше, ата-ана.
2.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры: О.Дилмукашева
«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша
7.09.2017 жылғы мектепішілік
№ 241 бұйрығына қосымша
«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша «Қамқоршылық» кеңесінің құрамы туралы мәлімет
Р/с |
«Қамқоршылық» кеңесінің құрамы |
Жұмыс орны, лауазымы |
1 |
Заур Мурзин (комиссия төрағасы) |
«КазМұнайГаз», менеджр |
2 |
Маженова Бибігүл (мүше) |
Индер аудандық құрылыс-сәулет бөлімі, заңгер |
3 |
Қостанаева Гүлбану (мүше) |
Жеке кәсіпкер |
4 |
Ерғалиева Айнұр (мүше) |
Жеке кәсіпкер «Ғайни» дәріханасы |
5 |
Молдағалиева Гүлнар (мүше) |
Жеке кәсіпкер, «Әлия» дүкені |
6 |
Ізбасова Анар (мүше) |
Жеке кәсіпкер, «Әлібек» дүкені |
7 |
Мұратова Руслан (мүше) |
Индер ауданының ЖПҚ бастығының орынбасары |
8 |
Сахиева Сара (мүше) |
«Балдәурен» бала бақшасы, меңгеруші |
9 |
Жиренова Аққалыш (мүше) |
Жеке кәсіпкер, «Жиренова» |
«Көктем» қазақ орта мектебі Қамқоршылық кеңес отырысының
Хаттамасы №1
Атырау облысы
Индер ауданы
Индербор кенті
01.04.2019 ж.
Қатысушылар :9-кеңес мүшесі,
1.мектеп директоры: О.Дилмукашева
Қатынасқандар: 9-кеңес мүшесі
Күн тәртібінде:
1.«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылындағы оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы
2.Бюджеттен тыс көрсетілген демеушілік көмектер туралы
Сөйлеушілер:
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі І мәселе бойынша мектеп директоры О.Дилмукашева хабарлама жасап өтті.
Мектеп бойынша барлығы 465 оқушы.Оның ішінде, қамқорлыққа алынған 3 оқушы 2 жанұядан, 23 оқушы 18 жанұядан жартылай жетім, 19 оқушы 8 жанұядан мемлекеттік жәрдемақы алатын 90 оқушы 53 жанұядан көп балалы және мүмкіндігі шектеулі 6 оқушы 6 жанұядан анықталып, кент әкімі және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары арқылы нақтыланды.
1-4 сыныптың 221 оқушысы түгел тегін ыстық тамақпен қамтылса, 5-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 7 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отырғандығы туралы айтып өтті.
- Қамқоршылық кеңестің төрағасы Заур Мурзин:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында мектепішілік 7.09.2017 ж. №241 бұйрығы негізінде «Қамқоршылық» кеңесінің негізгі ережесі бойынша кеңес мүшелері құрылып, жұмыс жүргізіп келеміз. Алайда, қорғаншылық кеңестің заңды құзырлы орынға шоты ашылып тіркелмегенімен, демеушілік арқылы жоғарыда хабарламашы мектеп директоры айтып өткен мектептің әлеуметтік қолдауды қажет ететін осал топ жанұяның балаларына бюджеттен тыс кәсіпкерлер, жекелеген тұлғалар және сыныптың ата-аналар комитеттерін тарту арқылы Республикалық деңгейде жүргізілген «Қайырымдылық» акциясы аясында тиісті оқушыларға қажетті киім-кешек, мектеп формасы, оқу құралдарымен көмек қолын созып, демеушілік жасап отырмыз.
- Кеңес мүшесі. Б.Маженова: Мектепте жетім оқушы жоқ, алайда әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға кәсіпкер демеушілер және сыныптың ата-аналар комитеттері арқылы демеушілік жасалып отыр. Қамқорлықта 3 оқушы. Алайда, Маликова Гүлнур есімді оқушының қамқоршысы Есқалиева Гүлсімнің ешқандай көмекті қажет етпейтіндігі туралы арнайы нотариус арқылы қол хаты бар. Ал, Темірхан Құндыз, Жұлдыз сынды оқушыларға мектеп тарапынан яғни «Жалпыға міндетті білім қоры» есебінен қаржылай көмек көрсетілген. Және сынып ата-аналарының, сонымен қатар, мекемелердің демеушілігімен мектеп формасы, т.б киім – кешекпен қамтылып отырғандығын айтып өтті.
Алдағы уақытта, әр мерекелік іс-шараларға қолдау көрсетіп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға және қолдаушылар табу арқылы әлеуметтік көмектер көрсетіп, үлес қосатындарын айтып өтті.
Басқалай сөйлеушілер болған жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңдылыққа сәйкес әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың құжаттарын жинақтау.
2.Қамқоршылық кеңес тарапынан демеушілік көрсету.
Қамқоршылық кеңес төрағасы З.Мурзин
Төраға орынбасары Б.Маженова
Мүше Г.Қостанаева
А.Ерғалиева
Г.Молдағалиева
А.Ізбасова
Р.Мұратов
Хатшы С.Сахиева