Бала тәрбиесі - бесіктен

”Даналық мектебі” клубының жұмыс жоспарына сәйкес 6 ә сыныбы ата-аналардың қатысуымен “Бала тәрбиесі - бесіктен” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Алдымен ата-аналар “Шаттық шеңбері” арқылы дөңгелене тұрып, өздерін жеке-жеке таныстырып, бір-біріне жақсы тілектер тіледі. Берілген суреттер арқылы ата-аналар 2 топқа бөлінді. Ой қозғау әдісі арқылы

1 топ: Бала тәрбиелеуде ата-ананың рөлі

2 топ: Бала тәрбиелеуде мектептің рөлі постер қорғады.

Бала тәрбиесіне қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Белсенді қатынасқан ата-аналарға рахмет!

Өткізген : 6 ә сынып жетекшісі Э.Борашева

#біртұтастәрбие