Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Оқушылар арасында айтыс өнерін дамыту, балалардың ақындық қабілетін ұштау мақсатында мектебімізде «Елім дейтін ұланбыз» тақырыбында айтыс өткізілді. Айтысқа үш жұп қатынасты. Оқушылар шамаларына қарай жыр төкті. Мұрат Мөңкеұлының 180 жылдығы тақырыбы қозғалып, ақынның шығармалары мен өмірін, ұрпақтары туралы тілге тиек етті.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық іріктеу кезеңіне бас жүлде алған Асылбекқызы Аяулым мен І орын алған Нұролла Айжан жолдама алды.
Айтысқа 5-сыныптан қатынасқан Сейфуллин Мансұр және Есенғали Кәусар, 10-сынып оқушысы Мұрат Инабат ІІ, орынмен марапатталса, Әліпов Мейірланға үшінші орын бұйырды. Аудандық сөз сайысында оқушыларымызға сәттілік тілейміз!