Мектебіміздің "Адал ұрпақ" клубының белсенді мүшелері Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп базасында өткізілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлымен өткен кездесуге қатынасты. Кездесу барысында оқушылар сұрақ қойып, өз пікірлерін білдірді. Сыбайлас жемқорлықтың картасы байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Табылды Нұрай өз жобасымен таныстырды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Саргойшина тақырыпқа қатысты пікір білдіріп , мектепте атқарылып жатырған "Адал ұрпақ" клубы жұмысына тоқталды . Оқушылар заң аясында құқықтық сауаттарын артырып, сұрақтарына жауап алды.