«Тарихи тұлғалар тағылымы» жобасы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Алтын адам» мүсіндер шеруі өткізілді. Жоба аясында мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздардың көмегімен «Алтын адам - Қазақстанның символы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде оқушыларға тарих пәні мұғалімі Г.Нариманова алтын адамның тарихы, жасалуы, табылуы туралы тарихи деректер берді.