"Дін - тәрбиенің рухани діңгегі"
«Көктем» қазақ орта мектебі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру мақсатында атқарылатын апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес 'Дін - тәрбиенің рухани діңгегі" тақырыбында "Әйіп қажы" мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиевпен, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айбар Диаспен кездесу болып өтті. Мешіт имамы Е.Қамзағалиев оқушыларға ислам діні тәрбиемен ұштасатынын, салт-дәстүрімізді насихаттайтынын, ата- ананы сыйлап, қарапайым болуға, адамдарға жақсылық жасауға шақыратынын түсіндірсе, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Айбар оқушылардың интернет желілерінде деструктивті діни ағымдардың ақпараттарын пайдалануына жол бермеуін, кез-келген ақпаратты таратпауға кеңес берді. Шараға қатынасқан 8-9 сынып оқушылары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Кездесудің мақсаты - оқушыларға рухани тәрбие беру, теріс түрлі жат ағымдардан сақтандыру;
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/592-din-t-rbieni-rukhani-di-gegi.html#sigFreeIdcd6c7e6a25