Байқаудың негізгі мақсаты:
-Мектеп оқушылары арасында Махамбет шығармаларын насихаттау;
-Оқушыларды Махамбет поэзиясына, дауылпаз ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Махамбет
Махамбет…
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр,өр рухты ақын М.Өтемісұлы ерліктің символы,қасіреттің синонимі іспеттес. От ауызды сөз шебері,батырлығы,даналығы мен адамгершілігі арқасында халық арасында даңққа бөленген Махамбет өлеңдері ,күйлері,әндері,ерлігі мәңгі ел есінде. Мектебімізде ақын жырларын жатқа оқу байқауына 1-4 сыныптар бойынша 12, 5-11 сыныптар бойынша 15 оқушы қатынасты. Нәтижесінде жүлделі орын алған оқушыларға дипломдар табысталып, І орын алған оқушылар аудандық кезеңіне жолдама алды. Аудандық кезеңіне қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/590-mektepishilik-makhambet-o-ulary-baj-auy-tkizildi.html#sigFreeId271ba30210