Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебі

"Назарбаев интеллектуалды мектеп" ЖМ Педагогикалық шеберлік орталығы "Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021 -2023 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында 2021 жылдың 27- 28 қыркүйек аралығында "Көктем" қазақ орта мектебінде кешенді зерттеу жүргізілді.

Орталық эксперті Ақерке Алданышқызы мектеп мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігін анықтау және оқыту тәжірибелеріне ұсыныстар беру мақсатында бақылау кестесіне сәйкес жаратылыстану - математикалық, қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы сабақтарға қатынасып, пән мұғалімдеріне кері байланыс беріп отырды. Сонымен қатар, мектеп директоры, пән мұғалімдері, оқушылар мен ата - аналарға сауалнама жүргізіп, мектеп құжаттарын зерттеді.

#кешендізерттеу

#педагогикалықшеберлікорталығы