Бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.
Акцияның басты мақсаты – шалғайдағы елді мекендерде тұратын жас ұрпаққа оқу мәдениетін насихаттау және ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы рухани – адамгершілікті қалыптастыру.
Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының "Азаматтық орталығы" КММ-нің Рухани жаңғыру бөлімі ұсынған кітаптарды аудандық ішкі саясат бөлімі жергілікті жерде жоғары дәрежеде ұйымдастырды. Мәселен, ауданның ерікті жастары «Көктем» қазақ орта мектебіне барып, «Қазақ халқындағы батырлар дәстүрлер», «Сауатсыздықтан білім шыңына», «Өмірі ұрпаққа өнеге», «Атамекен», «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» секілді кітаптарды мектеп кітапханасына тарту етті. Жалпы кітаптардың көбі заманға сай балалар әдебиетімен топтасқан.
Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Диас Айбаров аталған акциясының маңыздылығына кеңінен тоқталып, алқызыл лентаны мектеп психологі Айгерім Демеуовамен бірге кесті. Өз кезегінде мектеп ұжымы өз ризашылығын білдірді.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/577-auylyma-kitap.html#sigFreeId5ba9d6a4f5