Мектебімізде өтіп жатырған тілдер апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес латын әліпбиі туралы, тарихы, латын әліпбиіне көшу бағдарламасы туралы мағлұмат беру мақсатында «Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ток-шоу бағдарламасы болып өтті. Шараға аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы Т.Бертілеуов, азаматтық орталық маманы Г.Танабаева келіп қатысып, өз ойларын орта салды. Тарих пәнінің мұғалімі М.Тұңғатов латын қарпінің тарихы, жалпы шығу тарихына тоқталса, С.Исағалиев қазақ еліндегі жазу тарихына, 1929-1940 жылдар аралығында латын қарпін қолданғанымыз туралы мағлұмат берді. Шараны жүргізуші Ә.Сарғойшина бейнебаян арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын көрсетіп, латын қарпіне көшудің маңыздылығы туралы ақпарат берді. Шараға қатысқан мектеп парламентінің мүшелері, жоғарғы сынып оқушылары Ә.Самат, Б.Маңғыт, К.Табылдылар өз ойларын ортаға салды.