Индер ауданы, «Көктем» қазақ орта мектебі

2021 жылдың 12 мамырда мектепте өткен «Ашық есік» күнінде, Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы сағаты» атты республикалық акциясы аясында мектеп психологі «Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы» тақырыбында ата-аналарға тренинг өткізді.

ТРЕНИНГ МАҚСАТЫ:

Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, іргесі берік жарасымды отбасын қалыптастыру. Жалпы отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы – тәрбиенің негізі екенін, ұлттық салт-дәстүрді балаларына түсіндіріп, алдағы өмірге даярлау.