ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ

Индер ауданы "Көктем"қазақ орта мектебінде "ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ" атты салтанатты лездеме өткізілді.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Дилмукашева Орынша Матайқызы және мектеп түлектерінің ата-аналары қатысып, түлектерге ақжарма тілектерін білдірді.

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін, - дей келе мектебіміздің XVIII түлектеріне СӘТ САПАР, АҚ ЖОЛ тілейміз!