«Көктем» қазақ орта мектебінде а.ж 26 мамыр Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Б.Сарсеновтың қатысуымен мектеп оқушылары және олардың ата-аналарына жиналыс өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Балардың кент аумағында орналасқан субұрқақтарды, ойын алаңдарындағы жабдықтарды күтіп ұстау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәселелері айтылды.
Полиция бөлімінің инпекторы Б.Сарсенов көшедегі тәртіпті сақтамаған, қоғамдық орындарды бүлдірген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл салынатынын ескертті.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Сарғойшина оқушылар мен олардың ата-аналарына жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігі, бос уақытында қадағалану, суға шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы хабарлама жасады.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/508-26-mamyr-politsiya-b-limini-k-meletke-tolma-andar-isi-zh-nindegi-inspektor-b-sarsenovty-atysuymen-mektep-o-ushylary-zh-ne-olardy-ata-analaryna-zhinalys-tkizilip-t-sinik-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeIdc7af9bfeeb