Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебі

2021 жылдың 12 мамырда мектепте өткен "Ашық есік" күнінде "Отбасы сағаты" атты республикалық акциясы аясында "Құқықтық сағат" шарасы "Балалардың құқығы -басты назарда" тақырыбында өтті.

Шараға аудандық жұмыспен қамту, АХАТ бөлімінің бас маманы Сатаева Мунира Исахметқызы, мектебіміздің құқық пәнінің мұғалімі Тұңғатов М.Қ., және мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Карабалиева Н.Ж. қатысып, балалардың басты құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік актілер мен заңдарға шолу жасап, ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізді.