Ұлы Жеңіс! Адамзат – өмірін ұлы қайғыдан, адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы соғыс деген азаптан құтқарған Жеңіс – бұл! Міне биыл Ұлы Жеңіске – 76 жыл. Осы Жеңіс жолында от кешіп, ерлігімен танылған адамдарды әркез есте сақтау – парыз. Ұлы отан соғысы – адам баласының адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі, аярлығы, зымиян ойлылығы мен озбырлығынан басталды. Қаншама адам жақындарынан айырылды? Соғыс жылдары қаншама туған жерден жырақ жүрді. Солардың ішінде менің әкемнің атасы – Көшербаев Жұмабайда болды. Үлкен атам Кушербаев Жұмабай 1916 жылы Есбол ауданына қарасты бірінші ауылда дүниеге келген. Соғысқа аттанған кезінде Жұмабай атам небары 26 жаста болды. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 28-ші гвардиялық артиллериялық полкының 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында болған. Сөйтіп оның жолы қаңтарда Мәскеу аймағынан басталып Латвиядан аяқталды... 1943ж «Жауынгерлік ерлік», 1944ж «Батылдық үшін» медалін алды. Сөйтіп соғыс 1945 жылы жеңіспен аяқталып, отанға оралды. Отбасын құрды 1ұл, 1 қызы болды. 1985ж «Ұлы отан соғысы» орденін алыпты. Мен оның жалғыз ұлынан тараған шөбересімін. Үлкен атам 70-ке келген шағында ауыр дертке шалдығып өмірден өтті.

Мен үшін соғысқа қатысудың өзі – үлкен ерлік. Мен аталарымды мақтан тұтамын. Олар елі үшін, жері үшін, болашақ ұрпағы үшін жауға қасқайып қарсы тұрды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, бүгінгі ұрпаққа жайма – шуақ өмірді сыйлаған батырларымызға алғысым шексіз. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі – әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиеті. Олардың ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

10 "а" сынып оқушысы Қуанышова Нұрай