Мектебімізде «Қауіпсіз интернет» компаниясы аясында «Кәмелетке толмағандардың интернетті пайдалану қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн кездесу болып өтті. Кездесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Саргойшина жүргізіп, оқушылардың ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтары туралы пікірін білді. Жастардың санасын жаулап бара жатқан ғаламтордың адам денсаулығы үшін зияны, оны мезгілсіз көп пайдаланбау жөнінде кеңес беріп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онлайн кездесуге 9-11 сынып оқушылары, "Мектеп Парламенті" президенті, фракция жетекшілері қатынасты.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/477-k-meletke-tolma-andardy-internetti-pajdalanu-auipsizdigi.html#sigFreeId84b88a721c