Бүгінгі мектеп оқушысы - ертеңгі азамат. Ұлт болашағы, елдің тұтқасы. Оқушыларымыз мектеп қабырғасынан бастап бойларына жауапкершілік пен адалдықты, белсенділік пен бастамашылдық қасиеттерді жинақтай беруі керек. Мектебімізде ұйымдастырылған «Мектеп Парламенті» төрағасы мен мүшелерін сайлауға 8-10 сыныптар аралығында 12 оқушы өз бағдарламарын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дауыс беру ағымдағы жылдың 11 сәуірі күні жүргізілді. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары онлайн өткен сайлауға белсенді қатынасты. Ең жоғарғы ұпай жинаған мектебіміздің үздік оқушысы, аудандық, облыстық сайыстардың жүлдегері Райымбекова Айкөркем мектеп парламентінің көшбасшысы болып танылды. Қалған үміткерлер дауыс сандарына қарай орынбасарлар және фракция бойынша жауапты болып тағайындалды. Сайлауға белсенді қатынасқан үміткер оқушыларымызға алғысымыз шексіз. Мектеп Парламентінің мүшелері биылғы және жаңа оқу жылында өз қызметтерін жүргізетін болады. Жаңа құрылған «Мектеп Парламенті» құрамының жұмысына сәттілік тілейміз!
Жаңа сайланған «Мектеп Парламенті» құрамымен жиналыс өткізіліп, олардың міндеттері түсіндірілді, алдағы уақытта атқаратын жұмыстар талқыланып, оқушылардың ойлары мен ұсыныстары тыңдалды.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/474-mektep-parlamenti-2.html#sigFreeId7c09468023