Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны А. Ізмұханованың қатысуымен "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасын түсіндіру мақсатында онлайн кездесу болып өтті. Шарада полиция капитаны А.Ізмұзанова оқушыларға мезгілсіз уақытта яғни 23.00ден кейін көшеде жүрмеу, көшеде топтаспау, қоғамдық орынды бүлдірмеу туралы айтты. Сонымен қатар қандай да бір тәртіп бұзушылықтар орын алған жағдайда ата-аналары айыппұл төлеп, есепке алынатындығы жөнінде түсіндірді. Беймезгіл уақытта көшеде жүрмей, тәртіпті сақтауға шақырды. Шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, сынып жетекшілер, 9-11 сынып оқушылар қатынасты. "Мектеп парламентінің" құқық және тәртіп бойынша фракция жетекшісі Әділханова Дильназ қатысып, өз пікірін білдірді.
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/471-t-ngi-alada-y-balalar.html#sigFreeId46a76f5e8a