Парламент - бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу -тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, жоғарғы мәдениетті азаматты тәрбиелеу.
Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Парламент көшбасшысын білім алушылар мен педагогтер сайлайтын болады. Мектеп Парламенті көшбасшысынан және мүшелігінен үміткерлер өз бағдарламаларын ұсынуда. Мектепте үміткерлердің тақтасы орналастырып, олардың бағдарламалары таныстыруда.
«Мектеп Парламенті» – оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сәйкес мектебімізде парламенттік сайлау 2021 жылдың 10 сәуірі онлайн форматта өткізіледі. Мектеп педагогтері мен оқушыларын сайлауға белсенді қатынасуға шақырамыз!
https://koktem.inderoo.kz/kz/zha-aly-tar/467-mektep-pedagogteri-men-o-ushylaryn-sajlau-a-belsendi-atynasu-a-sha-yramyz.html#sigFreeIddd26a0e211