11 қазан 2018 ж.

 

11 қазан күні мектепішілік «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза оқуы өтті. Мақсаты: Атыраудың ақын қызы поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау. Ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете білу. Жас оқырманға ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен түсіндіріп, олардың поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып, дәріптеу.

 


Сайыс төрт бағыт бойынша өткізілді:
I . «Өлең, мен сені аялап өтем…..» - Фариза шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу конкурсы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкукрс басталғанға дейін ұсынуы қажет.
II. «Не деген керемет ең....» - Фариза Оңғарсынова сөзіне жазылған әндерді орындаушылар конкурсы.
III . «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай…..»-жас дарындар конкурсы.
ІҮ. «Фариза ақын шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек» - эссе байқауы.
Фариза оқуына 5-10 сынып оқушылары қатыстырылып, нәтижесінде, бірінші бағам бойынша жүлделі І орынмен 9"Б" сынып оқушысы Өмірзақова Айкөркем, екінші бағам бойынша 6 "Б" сынып оқушысы Нартаева Айша, үшінші бағам бойынша 8 "А" сынып оқушысы Иляшова Асем, төртінші бағам бойынша 6 "А" сынып оқушысы Зинорова Риза марапатталып, аудандық байқауға жолдама алды.