4 қараша 2018
Қазақстанда балалар мен жастардың тәрбиесінде ер азаматтардың белсенділігін жоғарылату, ұл бала тәрбиесіне назар аудару, мектептегі ұлдар кеңесі жұмысының тәжірибесін тарату, әкелер мәртебесін нығайтуға, отбасында және қоғамда әке рөлін жоғарылатуға, әкелер қоғамдық ұйымдарының мемлекеттік органдармен тұрақты әлеуметтік ынтымақтасуын дамытуға бағытталған әкелер қоғамдық қозғалысының қызметін насихаттау мақсатында 2018 жылдың 2 қарашасында "Ұлтыңды ойласаң-рухты ұл тәрбиеле" жобасы аясында "Өз ойым" ток-шоуы "Бала тәрбиесіндегі әкенің орны" тақырыбында өтті. Ток-шоуға әр сыныптың әкелер кеңесінің төрағалары қатынасты.
Ток-шоудың жүргізушілері Таңатаров Наурызбек пен Абилова Жанна кештің қонақтарын сахнаға шақырып, әкелерге бейнебаян, сұрақтар арқылы ой қозғап, "Ұл бала тәрбиесін әке қолға алу керек.", "Балаңды тәрбиелеп әуре болма...", "Әкеңдей қамқор бола алмас" тақырыптарында пікірталас туғызды. Көрермен әкелермен де бір сұрақ, бір жауап айдарын өткізді. Ток - шоуды "Әке - отбасының тірегі" тақырыбындағы оқушылардан алынған сұрақ-жауап арқылы аяқтады.
{gallery}007/007{/gallery}