15 қараша

Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеу мақсатында "ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ОСЫНДАЙ!" атты ұл балалар арасындағы аудандық байқауға мектебіміздің (сыныбымның ) 9 сынып оқушысы Сансызбаев Айбат қатынсып жүлделі 1 ОРЫН алды яғни мынадай талаптар мен шарттардан сараланып сүрінбей өтті:

 


1-тур: «Өзге емес өзім айтам өз жайымда..» (таныстыру)
2-тур: «Жігітке жеті өнер де аз...» (таңқалдырар өнер)
3-тур: «Мен – қазақ деген мал баққан елмін...» (малды мүшелеу, аттарын атау, әр мүшені кімдерге беру керек екендігін айту)
4-тур: «Атадан қалған асыл жол» (қамшы өру)
5-тур: Қайым айтыс (бұл турда қыз оқушылар дайындалып қойылады, оларға байқауға қатысушылар суырып салып жауап беруі керек).
6-тур: «Жеті қазынаның бірі – берен мылтық» (автоматты бөлшектеу, жинау, дәлдеп-нысанаға ату).

Байқауға 9-11-сыныпта оқитын, қазақ тілінде еркін, таза сөйлей алатын, өнерлі және спортпен шұғылданатын, қазақ тарихын, әдебиетін білетін бозбалалар қатысты.
Байқауда әр үміткердің бойынан, сырт болмысы, киім киісі, жүріс-тұрысынан ұлттық нақыш пен заманауи талаптар жақсы үйлесім болды.